CALL CENTER:

СҚО

Шағын гранттар байқауы

1 000 000 теңгеге дейінгі сомаға

Байқау нәтижелері:

“Zhas Project” жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!

Губайдулина Снежана Руслановна
Нурмагамбетова Махаббат Рустемовна
Кондрашова Виктория Владимировна
Депершмидт Виорика Ивановна
Морозов Дмитрий Сергеевич
Кабдулина Гайда Ниязовна
Любых Мария Вячеславовна
Смагулова Жамал Кудайбердиевна

« of 9 »

Жеңімпаздарды анықтау:

Конкурс жеңімпаздарын анықтау конкурстық комиссиясының отырысында жүргізіледі.

Комиссияның отырысына оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, ол заңды болып табылады. Комиссия төрағасы комиссия отырысында сайланады.

Конкурстық комиссияның отырысында жобалардың жиынтық рейтингі қаралады, ол Комиссияның барлық мүшелерінің жобаларды бағалау қорытындылары бойынша жасалады.

Жобалардың рейтингі жобаның жалпы балының негізінде қалыптастырылады.

Комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды. Хаттама Ұйымдастырушының сайтында орналастырылады.

Конкурстық комиссияның шешімі түпкілікті сипатта болады және өзгертуге жатпайды.

Конкурстың жеңімпаздары болып жалпы және қосымша баллдардың ең көп сомасын жинаған 28 өтініш беруші Астана қаласынан – 20 және СҚО-нан- 8 танылады.

Конкурстық комиссия өтініш берушілерде тең балды айқындаған жағдайда, шағын гранттың жеңімпазы қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Егер 28 Грант алушыны анықтағаннан кейін шағын гранттарды қаржыландыруға бөлінген қаражатта үнемдеу болған жағдайда, Оператормен келісім бойынша үнемделген жинақ сомасына Грант алушылардың қосымша санын анықтау мақсатында конкурстық комиссияның отырысы өткізіледі.

Конкурстық комиссияның шешімі негізінде Ұйымдастырушы шағын грант жеңімпаздарымен шағын грант беру туралы шарт жасасады.

Жеңімпазбен шағын грант беру туралы шарт жасасу мүмкін болмаған жағдайда, конкурстық комиссия ең жоғары балы бар келесі өтініш берушіге шағын грант беру туралы шешім қабылдайды.

Ұйымдастырушы барлық өтініш берушілерге конкурстық іріктеу нәтижелері туралы ресми хабарлама жібереді.

Егер шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарының саны Астана қаласымен СҚО аумақтарында 28-ден аз жобаны құраса, Ұйымдастырушы Оператормен келісім бойынша қосымша конкурс жариялайды.

Егер грант алушы шағын грантты іске асыру процесінде өз міндеттемелерін орындамаса, шағын грант ұйымдастырушыға қайтарылуға жатады. Өз кезегінде Ұйымдастырушы Оператормен келісім бойынша қосымша конкурс жариялайды.

Біздің байланыстар:

E-mail:

zhasproject-sko.kz@yandex.ru

Call centre:

+7 (776) 702 77 27